Астанада алғаш рет теннистен Virtus әлем чемпионаты өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордадағы «Дәулет» теннис орталығында 5-10 мамыр аралығында елімізде алғаш рет теннистен Virtus әлем чемпионаты өтеді. Бұл – дамуында зияткерлік кемістігі бар спортшылар үшін басты халықаралық жарыстардың бірі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Турнирдің салтанатты ашылуы 5 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де «Дәулет» теннис орталығында, Қордай көшесі, 6-да өтеді. Жарысқа көрермендер үшін кіру тегін.

Чемпионатқа әлемнің 8 елінен, соның ішінде Бельгия, Австралия, Польша, Италия, Ұлыбритания, Үндістан, Франция және Қазақстан елдерінің спортшылары қатысады.

Жарыс үш санаттағы спортшылар арасында өтеді:
* II1 – жеңіл ақыл-ой кемістігі;
* II2 – Даун синдромы;
* II3 – аутизм спектрінің бұзылуы (аутизм).
Чемпионатты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен «Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ (IDSPORT) «Теннис федерациясы» РҚБ бірлесіп ұйымдастырады.

Тарихта тұңғыш рет Virtus әлемдік теннис чемпионаты Азияда өтеді және оған Халықаралық Теннис федерациясы рұқсат береді. Қазақстан осы беделді жарысты өткізу құқығын жеңіп алды, бұл елдегі және өңірдегі инклюзивті спортты дамытудағы маңызды қадам болды. Жарыс жекелей, жұптық және командалық разрядтарда өтеді.

«Астанада теннистен Virtus әлем чемпионатын өткізу – тарихи іс. Азияда алғаш рет Қазақстан әлемдік біріншіліктің қожайыны болу құрметіне ие болды. Біз көрсеткен сенімімізді мақтан тұтамыз және бұл біздің спортшыларымыз бен еліміз үшін дамуында зияткерлік кемістігі бар адамдардың спортта дамуына қажетті үлкен жолдың басы ғана деп сенеміз», – деп атап өтті «Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ президенті Дина Темірғалиева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/988163?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version