Астанада өткен жарыста есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елорданың «Қазанат» ипподромында ұлттық спорт түрлерінен республикалық турнир өткізілді. Іс-шара аясында нашақорлықтың алдын алу бойынша «Астана – есірткісіз қала» акциясы өткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Astana Cup турниріне еліміздің 20 өңірінен 100-ге жуық жылқы жеткізілді. Жарыстың жүлде қоры 120 млн теңгені құрады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілер есебінен марапатталды.
Турнир аясында Астана полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу бойынша акция өткізді.

Жарыс кезінде трибуналардан «Астана – есірткісіз қала!» сөзі жаңғырып жатты. Осылайша еріктілер көрермендердің назарын қоғамдағы проблемаға аударды. Ипподромның үлкен LED экрандары арқылы баласына көбірек көңіл бөлуді еске салу үшін ата-аналарға арналған профилактикалық видеолар көрсетілді.

«Біз Қазақстанның салауатты болашағын қолдаймыз. Спортты таңдаңыз, зейінді болыңыз, өміріңіз бен денсаулығыңызға жауапты болыңыз. Біз есірткіге қарсымыз. Бұл – біздің ұлтымызды әлсірететін зұлымдық», – деп атап өтті полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы.

Астана полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мұндай акцияларды адам көп жиналатын орындарда, әсіресе спорт іс-шараларында үнемі өткізеді. Сәуір айында мұндай акция футбол чемпионатында өткен.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/988982?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version