Астанада отандық өнімдерге арналған «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

EXPO халықаралық көрме орталығында 16-18 мамыр аралығында отандық өндірушілердің жыл сайынғы «ULTTYQ ÓNIM» VIII көрмесі өтеді. Өз өнімдерін Қазақстанның барлық өңірінен 350 кәсіпкер ұсынады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Көрмеде тамақ, жеңіл және химия өнеркәсібінен бастап машина жасау, жабдықтар мен зергерлік бұйымдарға дейінгі түрлі өнімдер ұсынылады. Қатысушы компаниялар өңірлік тиесілілігіне сәйкес ұсынылатын болады, бұл әрбір өңірге кәсіптегі жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Қосымша «ULTTYQ ÓNIM» аясында жетекші қазақстандық және халықаралық спикерлердің қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша форум өтеді, онда бизнес үшін өзекті мәселелер, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер талқыланады.

Сондай-ақ, көрме аясында «Халық Таңдауы» атты дегустациялық байқау, жетекші қазақстандық өндірушілердің әйелдер мен ерлерге арналған киім топтамалары, кәсіпкерлердің мастер кластары, ұтыс ойындар және концерттік бағдарлама өтеді.

Көрме 16-18 мамыр аралығында ЭКСПО халықаралық көрме орталығында өтеді. Жұмыс уақыты: 9:00-ден 18:00-ге дейін (бірінші күн), 10:00-ден 18:00-ге дейін (келесі күндері).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/989579?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version