Атырауда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бейбарыс сұлтан» алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан» атты шара өтті.

Хореографиялық композициямен басталған мерекелік шара этно-мәдени бірлестік өкілдерінің салтанатты шеруіне ұласты.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов бұл күннің маңызына тоқталып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара РФ Астрахан облысы Құрманғазы атындағы мәдениет орталығының «Сарыарқа» этно-фольклорлық ансамблі мен өңірдегі этномәдени орталықтардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/987850?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version