Бүгін кезектен тыс XXVIII-ші сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 2 мамыр күні аудандық мәслихаттың төрағасы О.Канагатовтың төрағалығымен  мәслихаттың кезектен тыс XXVIII-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары,бөлім, мекеме басшылары,ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілі қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №24/2-VIII « 2025-2027 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы; ШҚО  бойынша тексеру комиссиясының Тарбағатай ауданының 2024 жылғы бюджетінің орындалуы туралы жылдық есебі; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы «Тарбағатай ауданы әкімдігі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» №18/10-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі «Тарбағатай ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» №16/14-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы «Аудан әкімі жанындағы жастар мәселесі жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» №18/11-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы «Жер комиссиясын құру туралы» №23 қаулысы бойынша жер комиссиясының құрамын  бекіту туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясын құру туралы» №30/9-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы «Тарбағатай ауданы бойынша шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» №13/11-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомстворалық комиссия құру туралы» №30/10-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ШҚО  бойынша тексеру комиссиясының Тарбағатай ауданының 2024 жылғы бюджетінің орындалуы туралы жылдық есебін  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Р.Адилов ZOOM платформасы арқылы қорытынды жасады, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кезектен тыс сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде (LIVE) көрсетілді.

Онлайн трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/live/buGWdHiL03k?si=zL_cnqIsKfaOcTo_

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/988416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version