Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Әдеп жөнінідегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды орындау мақсатында ағымдағы жылдың 30сәуір күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.Кыстаубаеваның төрағалығымен, Атырау облысы Полиция департаментінің экстрезимге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел уәкілі полиция майоры Б.Р.Сабиров, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығының » КММ-ның маманы И.С.Ғизатов және «Жәрдем -Атырау» корпоративтік қорының теологы Н.Д.Жаркимбаевтың қатысуымен департаменттің барлық қызметкерлері арасында «Дін және Заң» атты семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты-мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға, мемлекеттік қызметшілерге діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау болып табылады.
Семинар барысында баяндамалар оқылып, қызметкерлерге діни ағымнан сақтанудың жолдары туралы ақпараттар беріліп және слайдттар көрсетіліп, барлық қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/988337?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау