“Электрондық мемлекеттік қызметтер-қолжетімділік, өмір сапасы”
Жалпыәлемдік үрдіске сүйене отырып, Қазақстан мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша саясатты жоспарлы түрде жүргізеді.
Осы мақсатта “электрондық үкіметтің” веб-порталы табысты жұмыс істеуде, соның арқасында мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға көбірек мүмкіндіктер пайда болды. Енді қызметтерді Смартфондар, планшеттер, сондай-ақ дәстүрлі ұялы телефон арқылы алуға болады.
Бұдан басқа, электрондық үкімет адами факторды болдырмайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдардың бірі болып табылады.
Алайда, электрондық қызметтерді пайдалану үшін, ең алдымен, электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) болуы қажет.
Сіз Мемлекеттік корпорацияның филиалына (Халыққа қызмет көрсету орталығына) жүгіне аласыз, онда сізге ЭЦҚ алуға немесе қашықтан алуға көмектеседі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-urozhainoe/press/news/details/989784?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау