2025 жылдың 16 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорация» КЕАҚ Семей қаласының № 2 бөлімінің ғимаратында Абай облысы Әділет департаментінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратовамен, сондай-ақ Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорация» КЕАҚ филиалының азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының бас маманы Ирина Ляпунованың қатысуымен халыққа құқықтық көмек көрсету үшін ресми құжаттарға апостиль қою және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында заң көмегі»акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтарға апостиль қою және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында білікті көмек алуға көмектесу.
Аталған акцияда азаматтарға электрондық апостиль және азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша кеңес-көмек көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/988124?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау