Кентау қаласының 70 жылдығына орай Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында ұлттық дәстүріміздің алтын қазығы — бата өнерін насихаттау мақсатында «Баталы елге бақ қонар» атты облыстық байқау өтті.
Байқауға облысқа қарасты аудан-қалалардан он жеті қария қатысып, үш кезең бойынша өзара жарысты. Қатысушылар бірінші кезеңде баталарды жатқа, мәнерлеп айтып сынға түссе, екінші кезеңде, өз жанынан салт-жоралғыға байланысты бата берді. Үшінші кезеңде салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, ақсақалдардың бата бергендегі сөз саптауы мен сыртқы киіміне де қосымша баға берілді.
Ұлттық рухты, салт-дәстүрді дәріптеген бұл сайыста өңіріміздің шешен де шежірелі батагөй қариялары бақ сынасты.
Нәтижесінде Шардара ауданынан келген Ілесов Қыстау Інайұлы – Бас жүлде иегері атанды. І орын – Сауран ауданы — Әшенов Өтеген Баймолдаұлы, ал ІІ орынды – Кентау қаласынан — Қанай Әбілда Рахматуллаұлы мен Түркістан қаласынан келген Бейсебайұлы Тәліп,ІІІ орынды Жетісай ауданынан қатысқан Талдыбай Асылбеков, Қазығұрт ауданы Сатыбалды Бердияров, Созақ ауданынан Өтепбай Имашовтар ие болды.
Бұл байқау – “Батамен ел көгерер” деген халық даналығын тағы бір мәрте дәлелдеді.Ұлттық мұраны ұлықтау — болашаққа салынған рухани көпір.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/988140?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау