Кезектен тыс сессия өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 5-ші мамыры күні Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы М. Р. Жүсіпбековтың басшылығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына аудан әкімі Р.М. Елубаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлім мен аумақтық ұйымдардың басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған Ақжар аудандық бюджетін қарады. Ұсынылған бюджет жобасында аудан дамуының барлық негізгі аспектілері ескерілді және ол әлеуметтік-экономикалық даму болжамына толық сәйкес болды. Бұл шешімінің жобасы депутаттармен тұрақты комиссия отырысында қаралып өткен болатын. Депутаттардың шешімімен 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-akzhar/press/news/details/989622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version