МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдығы және 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті.
Спорттық сайысқа облыстағы 30 астам мемлекеттік органдардың 1000-ға жуық мемлекеттік қызметшісі қатысып, спорттың 9 түрінен бақ сынады. Шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, жүзу, шахмат, арқан тарту, баскетбол, қазақ күресінен жарысқа түскен командалар мен жекелеген спорт түрлері бойынша жеңіске жеткендер марапатталды.
Сайыс нәтижесімен жалпы командалық есепте:
1-орынды Мемлекеттік кірістер департаментінің,
2-орынды Түлкібас ауданының,
3-орынды Жетісай ауданының мемлекеттік қызметшілері иеленді.
Спартакиада қорытындысымен үздік деп танылғандар Өскемен қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдама алды.
Аталған спорт сайысына қатысқан Төлеби ауданының мемлекеттік қызметшілері тоғызқұмалақтан жекелей ерлер арасында Дулат Сапарбеков 3 орын, әйелдер арасында Жанна Кұлжабаева 1 орын алып, ойынның бұл түрінен командалық есепте 1 орынды иемденді. Жүзуден жекелей ерлер арасында Бейбіт Төлешов 3 орынды, шахматтан әйелдер арасында Феруза Қалтаева 3 орынды, арқан тартудан командалық есепте 3 орынды, қазақ күресінен 74 кг салмақта жекелей Заманбек Әуелбеков 3 орынды иеленді.
Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/988389?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version