Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Нұрлы» тұтыну кооперативі ресми түрде ауыл мәртебесіне ие болды. Тиісті шешімді уәкілетті органдар қабылдады, бұл елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды кезең болды.
1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні Нұрлы ауылында ресми мәртебе алуға арналған салтанатты мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шараға Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов, ҚР Мәжілісінің депутаты Айна Мысырәлімова, аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдері, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысты. Қонақтар тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтап, елді мекенді толыққанды ауыл ретінде ресми танудың маңыздылығын атап өтті.
Ауылдың ресми мәртебесін алу Нұрлы ауылдың алдында жаңа перспективалар ашады — мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және инвестициялық тартымдылықты арттыру.
Тұрғындар облыс және жалпы мемлекет басшылығының назарына алғыстарын білдіріп, ауылдық елді мекендерді қолдаудың және өмір сүруге қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында ауылда газбен жабдықтау жүйесіне қосылу жұмыстары аяқталды. Бұл жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайларын едәуір жақсартуға және инфрақұрылымды жаңғыртудың маңызды қадамдарының біріне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/988267?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау