Қарағандылықтарды тегін тілдік курстардан өтуге шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы тегін тілдік курстарға өтінімдер қабылдайды. Өңірдің оқу орталықтарында ересектерге арналған оқытудың екінші кезеңі басталды.

Үш айлық қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курсынан өтуге болады. Олар аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі және сертификат беріледі.

Өткен жылы облыстың 3500-ден астам ересек тұрғыны тіл курстарынан өтті.

Облыста алты оқу орталығы мен сегіз тегін тілдік курс жұмыс істейді. Сондай-ақ, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін сауда үйлерінде қазақ тілі кабинеттері қарастырылған. Мысалы, Қарағандыда Достық үйінде, «Каскад», «Абзал» СҮ және тіл орталықтарында кабинеттер жұмыс істейді. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындарға барып оқыту мүмкіндігі қарастырылған.

Тілдерді үйренуге ниет білдірген қарағандылықтар (8-7212) 51-38-00, +7-702-448-98-68 нөмірлері бойынша курстарға жазыла алады. Сондай-ақ – +7-776-847-32-21 WhatsApp нөміріне жазуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/989164?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version