2 мамыр күні Қарақия ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Жалғас Теміров төрағалық етті.
⚜️Жиын барысында екі негізгі мәселе қаралды. Біріншісі – алкогольді асыра пайдаланатын азаматтарды емдеудің және оларды медициналық-әлеуметтік оңалтудың проблемалық тұстары. Бұл мәселе бойынша емдеу мекемелерінің жұмысы, оңалту шараларының тиімділігі және әлеуметтік бейімдеу бойынша ұсыныстар тыңдалды.
⚜️Екінші мәселе – Құрық, Жетібай және Мұнайшы ауылдарында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі. Ауыл әкімдіктері мен құқық қорғау органдарының өкілдері атқарылған шаралар, тұрғындармен жүргізілген түсіндіру жұмыстары және бейнебақылау жүйелерінің тиімділігі жөнінде есеп берді.
⚜️Комиссия мүшелері құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту, проблемалық тұлғалармен жеке жұмыс жүргізу және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру бағытында ұсыныстар енгізіп, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
⚜️Жиын қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/989092?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау