Құрмет пен марапат — еңбектің бағаланғаны!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков білім саласында еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Марапат иелері – №2 Оқушылар сарайының шығармашылықты, спортты, өнер мен ғылымды ұштастырған ұстаздары мен жаттықтырушылары.

«Шапағат» медалімен марапатталғандар:
• Ақмарал Дәулетәліқызы Қосбармақова – қыш өнері үйірмесінің жетекшісі
• Ақшолпан Аллахиярқызы Сеитова – заманауи би үйірмесінің жетекшісі
• Аясбек Халықұлы Бижігітов – жүзу жаттықтырушысы
• Сергей Викторович Уткин – жүзу жаттықтырушысы
• Владислав Александрович Смирнов – дзюдо жаттықтырушысы
• Ақмарал Абетаева – педагог-психолог

«Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен» марапатталғандар:
• Бауыржан Бабаханұлы Рүстемов – ағаш және темір өңдеу өнерінің жетекшісі
• Шұғыла Тимурқызы Елшібек – драма және актерлік шеберлік жетекшісі

Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар:
• Данияр Дүйсенбайұлы Егізбаев – №2 Оқушылар сарайының директоры
• Рашид Амзеевич Батчаев – шаруашылық жөніндегі орынбасар
• Таннұры Маратқызы Кушерова – ғылыми жөніндегі орынбасар
• Азат Алпысбайұлы Тұрапбеков – БІЛ №2 лицей интернатының мұғалімі

Бұл марапат — тек құрмет емес, ел болашағына қосқан үлестің дәлелі.
Ұстаз еңбегі — әрқашан биік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/989729?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version