Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Атырау облысының нотариаттық палатасында Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен нотариустардың қатысуымен «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. Семинар барысында, нотариустарға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын қолдану практикасы түсіндірілді. Сонымен қатар, нотариат саласында өзекті өзге де мәселелер талқыланып, пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/988200?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау