Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға баса назар аударады. Бұл бағытта Ақтөбе облысы бойынша Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту болып табылады.

Қойылған міндеттерді іске асыру аясында Департамент тарапынан жүйелі түрде бақылау және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде заңнама талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте қоғамдық бақылау тетіктері мен азаматтардың қатысуы да назардан тыс қалмайды.

Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берілетін жекелеген жағдайлар кездеседі. Атап айтқанда, негізсіз бас тарту, артық құжаттар талап ету немесе қызмет көрсету мерзімдерін бұзу сияқты кемшіліктер орын алып жатады.

Аталған заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемелерде жоспарлы тексерулер жүргізеді. Тексеру барысында қызмет көрсетуші тарапынан заң талаптарының сақталуы мұқият зерделенеді.

Мәселен, ағымдағы жылы Департамент тарапынан Ақтөбе қалалық емханасында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің сақталуына байланысты жоспарлы тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, көрсетілетін қызметті алушыларға негізсіз бас тарту фактілері анықталып, 33 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. Мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тығыз ынтымақтастық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету — басты басымдықтардың бірі болып қала береді.

 

Досекешова Аружан Ерлановна – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi-zhabasak/press/news/details/987864?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version