Рудный қаласында «Еділ и компания» ЖШС қоқыс өңдеу зауытын жаңғырту жобасын іске қосады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жасыл даму» АҚ еліміздің ірі қалаларында қоқыс өңдеу зауыттарын салуға 3% жылдық мөлшерлемемен, 15 жылға дейінгі мерзімге және 2 жылға дейінгі жеңілдік кезеңімен қарыз түрінде қаржыландыру ұсынады. Бұл қаржыландыру кәдеге жарату төлем есебінен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда әкімдіктер ұсынған 67 жоба мақұлданды, оның 43-і қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған.

Сол жобалардың бірі – резеңке-техникалық бұйымдарды өңдеумен айналысатын және пиролиз отыны мен резеңке үгіндісін өндіретін «Еділ и компания» ЖШС. Қазіргі уақытта зауыт жылына 543 тонна өңделген өнім шығарады, алайда жаңарту аясында өндірістік қуаттылық жылына 8,3 мың тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл қалдықтарды өңдеу тиімділігін айтарлықтай арттырып, бұрын полигондарға және қоймаларға түсетін резеңке бұйымдарының көлемін едәуір азайтады.

Жаңарту жобасына жаңа цехтың іске қосылуы кіреді, оның құрылысы 2025 жылдың күзіне дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жобаға «Жасыл даму» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ тарапынан көрсетілген қолдау маңызды рөл атқарды. Кәсіпорынға 354,5 млн теңге көлемінде қаржыландыру берілді.

Жобаның күтілетін нәтижелері:

  • 20-дан астам жаңа жұмыс орнын құру, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
  • резинотехникалық өнімдердің көп көлемін қайта өңдеу арқылы экологиялық жүктемені азайту және қоршаған ортаның ластануын төмендету.
  • қалдықтарды қайта өңдеу, соның ішінде резинотехникалық өнімдерді қайта өңдеу нарығындағы кәсіпорынның позицияларын нығайту.

«Еділ и компания» ЖШС қалдықтарды қайта өңдеу зауытының модернизациялау жобасы Қазақстандағы өнеркәсіптің тұрақты дамуына маңызды қадам болып табылады, сондай-ақ өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға елеулі үлес қосады.

Министрлік «Жасыл даму» АҚ-ның қаржылай қолдауына ие болған кәсіпорындардың жұмысын бұдан әрі де жариялап отырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/988097?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version