Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары бойынша «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мәселесі бойынша» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында өткен іс шара барысында бөлімнің және аудандық төлем орталығының қызметкерлері тарапынан түсіндіру шараларымен 12 қызмет алушы тұрғындар қамтылып, қызметті алу барысында туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Айта кетсек, «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы алдағы уақытта жоспарға сәйкес басқа да салалардағы тақырыптармен жалғасын табатын болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/988111?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау