Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Семей қаласында ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.
Атаулы шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, Абай облысының Қорғаныс істері департаменті, Ауған соғысы ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.
– Қазақстандықтар сол қанды майданда интернационалдық борышын абыроймен орындады. Олар жанын аямай, ерлікпен шайқасты. Семейден 500-ден астам жауынгер ант беріп, оны соңына дейін адал орындады. Біз жыл сайын жерлестеріміздің ерлігіне тағзым етіп, олардың батырлығын еске аламыз. Бұл – біздің қасиетті парызымыз, – деді Қуаныш Әбілдаев.
Ержүрек жауынгерлердің есімі ел жадында мәңгі сақталады. Ер есімі – ел есінде!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/989780?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау