ШАРДАРА: 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 1 мамырда Шардара ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Берекеміз – бірлікте» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиын «Алты алаш» алаңында өтіп, аудан тұрғындары мен қонақтарына мерекелік шеру мен мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков құттықтау сөз сөйлеп, барша жұртшылықты ынтымақ пен татулықтың символына айналған мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол ел ішіндегі бейбіт өмір мен халықтар достығының маңызын атап өтіп, аудан жұртшылығының ел дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалады.
Сонымен қатар, Б.Төребеков түрлі сала қызметкерлерін аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мектеп оқушылары түрлі ұлттардың киімдерін киіп, іс-шараға ерекше сән берді. Мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке ұмытылмас әсер қалдырды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/989154?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version