Жуырда Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары «СКЗ-U» ЖШС-нің субъектісіне бақылау-қадағалау жұмысын жүргізді. Профилактикалық бақылау-қадағалау барысында күкірт қышқылы өндірісінің ғимараты, күкірт қышқылы қоймасы, сорғы бекеті, балқытылған күкірт қоймасы, компрессорлық бөлме, сұйық күкірттің сорғыш станциясы, ауа үрлеу қондырғысының ғимараты, салқындату мұнарасының сорғыштары, қауіпті өндірістік объектілері тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес бұзушылықтар анықталып, оларды жою туралы нұсқама берілді.
Анықталған бұзушылықтар талқыланып, қосымша қажеттілік туындаған жағдайда бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ, «Азаматтық қорғау» туралы заңның талабы түсіндірілді. Оған қоса: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету» қағидаларының талаптары талқыланды.
Сонымен қатар, «Күкірт қышқылын сақтайтын ыдыстардың ақауы салдарынан күкірт қышқылының төгілуі» тақырыбында оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/988720?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау