Талдықорғанда бір көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі беріледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық басталды. Осыған орай, 2025 жылы мемлекеттік деңгейде аталып өтетін айтулы датаға арналған іс-шаралар бағдарламасы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында таныстырылды.

Мерейтой аясындағы басты шара – 6 мамырда Талдықорғанда өтетін салтанатты рәсім болмақ. Онда қаладағы көшелердің біріне Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, армия генералы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің есімі ресми түрде берілмек. Бұл маңызды шешім ұрпақтар сабақтастығын айқындап, ел алдындағы ерен еңбегі мен ерлігіне деген терең құрметті білдіреді.

Бекітілген тұжырымдама аясында тарихи жадыны сақтау мен азаматтықты тәрбиелеуге бағытталған бірқатар патриоттық және мәдени шаралар өткізу жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/989683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version