Талдықорғанда терроризмге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында орналасқан «Жетісу Су құбыры» мекемесі мен Талдықорған обаға қарсы күрес станциясының басшылығы мен қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет ұйымдарының жауапты өкілдеріне терроризмге қарсы түсіндіру шаралары өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға террористік сипаттағы қатерлер туралы мәлімет беріліп, төтенше жағдай туындаған кезде басшылар мен қызметкерлердің алғашқы әрекеттерінің нақты алгоритмі таныстырылды.

Сонымен қатар, ТТО объектілерінің иелері мен лауазымды тұлғаларына қауіпсіздік талаптарын орындамаған жағдайда қолданылатын заңнамалық жауапкершілік шаралары ескертілді.

Жиын соңында объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына қатысты нормативтік-құқықтық актілер түсіндіріліп, тараптар өзара пікір алмасып, ұсыныстар мен сұрақтарға жауап алды.

 

Материал Жетісу облысының

ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/989544?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version