Түркістанда тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 5 мамыр күні Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараны Түркістан қалалық прокуратурасы ұйымдастырды.
Шараға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар, қала прокуроры Кәукен Нәрікбаев, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен тыл ардагерлері қатысты.
Мерекелік жиын барысында ардагерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына сәйкес “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерекелік медалі табысталды. Сонымен қатар, Түркістан қалалық мәслихатының атынан арнайы алғыс хаттар беріліп, қала әкімдігі тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ардагерлерге көрсетілген бұл құрмет – олардың ерен еңбегіне, қиын-қыстау замандағы табандылығы мен елге деген сүйіспеншілігіне деген шынайы алғыс пен тағзым. Осындай шаралар өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің бағасын ұғындырып, тарихтан тағылым алуға сеп болады.
Батырларымызға мың тағзым!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/989603?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version