Қала прокурорының орынбасары Ержан Маратұлының төрағалығында қылмыстық қудалау және уәкілетті органдардың қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бағытында мекемеаралық мәжіліс өтті.
Мәжілісте тұрмыстық зомбылықпен ұштасқан қылмыстардың алдын-алу мен тергеп-тексеруді жеделдетуге бағытталған жергілікті полиция, сот, прокуратура, сот сараптама институты мен арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының арасында түзілген меморандумның талаптары пысықталды.
Алдағы уақытта осы санаттағы құқық бұзушылықтардан зардап шеккендерге әлеуметтік көмектер жан-жақты көрсетіліп, денсаулығына келтірілген зиянды анықтайтын сараптама қорытындылары бір тәулік ішінде берілетін болады.
Отырыста қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Оспанұлы меморандумға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың деңгейін төмендетуге бағытталған кешенді шаралардың қабылданып жатқанын баяндады.
Мәжіліс соңында қатысушылар ортақ өзекті мәселелерді талқылап, алдағы уақытта арнайы әзірленген іс-қимыл алгоритміне сәйкес жұмыс атқаруға кірісті.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/989767?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау