Ұландықтар дзюдодан өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2–4 мамыр аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII Спартакиадасы аясында дзюдо жарыстары өтті. Генерал-майор Рафик Хайдаровты еске алуға арналған турнирді «Динамо» Дене шынықтыру және спорт қоғамы ұйымдастырды. Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда және 150-ден астам спортшы қатысты.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының құрама командасы тағы да өздерінің жоғары деңгейдегі физикалық және жауынгерлік даярлығын дәлелдеп, тамаша нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.

Салмақ дәрежелері бойынша ерекше көзге түскен әскери қызметшілер:

▪️66 кг дейін — 2-орын: қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Нұрсейітов (6654 әскери бөлімі);

74 кг дейін — 3-орын: қатардағы жауынгер Ерсұлтан Дүйсенхан (5573 әскери бөлімі);

▪️81 кг дейін — 1-орын: қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынұлы (5573 әскери бөлімі);

▪️90 кг дейін — 1-орын: қатардағы жауынгер Мәди Амангелді (5573 әскери бөлімі);

▪️90 кг-нан жоғары — 1-орын: қатардағы жауынгер Санжар Джабборов (5573 әскери бөлімі).

Сонымен қатар, «Үздік техника» жеке номинациясына қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынұлы лайық деп танылды.

Жалпыкомандалық есеп қорытындысы:

1 орын — ҚР ІІМ Ұлттық ұланының құрамасы;

2 орын — Абай облысы Полиция департаменті;

3 орын — Ақтөбе облысы Полиция департаменті.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының құрамасы бұл жарыста рухтың мықтылығын, ерлікті және жеңіске деген жігерді паш етіп, көпшілікке үлгі бола білді.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/988876?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version