Астана қаласында 2025 жылғы 16-18 мамыр аралығында «ЭКСПО» көрме кешенінің аумағында «ULTTYQ ÓNIM» қазақстандық өндірушілердің VIII көрмесі өтеді. Жобаның ұйымдастырушылары – Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болып табылады.
Үш күн бойы көрмеге келушілер отандық өндіріс өнімдерімен танысып, еліміздің барлық өңірлерінің үздік брендтері шығарған азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, қаптама және т.б. сатып ала алады. Барлық қатысушылар – «Даму» қорының қолдауына ие болған компаниялар.
Сондай-ақ, көрменің бағдарламасы бойынша қазақстандық дизайнерлердің сән көрсетілімі, дәм тату, жүлделер ұтыс ойындары, семинарлар және жарқын концерттік бағдарлама қарастырылған.
Іс-шараға кіру тегін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kasipkerlik-industiya-innovatsiya/press/news/details/989708?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау