Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, жасөспірім қыздар арасында Төлеби спорт клубында волейболдан ашық біріншілік өтті. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа Түркістан облысынан 14 команда қатысты.
Түркістан облысының үздік жас волейболшылары спорттық додада өз шеберліктерін көрсетіп, ойын жоғары деңгейде өтті. Жарысқа қатысушылар командалық рухты, шапшаңдықты, ептілікті және жеңіске деген жігерді танытты.
Волейбол жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендердің де көңілінен шықты. Жанкүйерлер ерекше атмосфера қалыптастырып, ойыншыларға қолдау көрсетті.
Жарыс қорытындысымен жеңімпаз командалар мен көпшілік алдында ерекше көзге түскен үздік ойыншыларды “Төлеби спорт клубы” КММ кубоктары, медальдары және дипломдарымен арнайы марапаттады
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау