Облыстық прокуратура қызметкерлері Ғ.Нұрғалиев пен Д.Ұзақбаев
мырзалардың төрағалығымен Жіңішкеқұм ауылдық округі
тұрғындарымен маңызды кездесу өтті.
Бұл басқосу «Заң керуені» Республикалық акциясы аясында
ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және
құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатыда
өткізілді.
Кездесу барысында тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарын қойып,
тұжырымды жауаптарын алды. Жергілікті халықты мазалаған мәселелер
бойынша құқықтық кеңес және қоғамдық тәртіпке қатысты сұрақтар
кеңінен талқыланды.
Мұндай кездесулер-билік пен халық арасындағы сенімді нығайтып,
елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етуге болары сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-zhinishkeqym/press/news/details/989167?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау