Жеңістің 80 жылдығына орай соғысқа қатысушылар мен куәгерлерге біржолғы әлеуметтік қолдау көрсету көзделген. Төлемдер жергілікті атқарушы органдардың шешімімен, бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ресми деректерге сәйкес, облыс аумағында қазіргі таңда ҰОС қатысы бар 4 264 адам тұрады.
Бекітілген жоспарға сәйкес:
✅12 ҰОС қатысушысы мен мүгедегіне – 5 млн теңгеден;
✅190 ардагерге – оның ішінде тыл еңбеккерлері, блокада куәгерлері, концлагерь тұтқындары және майдангерлердің жесірлері – 130 мың теңгеден;
✅4 062 тыл еңбеккеріне – 80 мың теңгеден төлем беріледі.
Ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету және тарихи жадымызды сақтау – өңірдің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер үшін салтанатты іс-шаралар, мерекелік кездесулер мен жеке құттықтаулар өткізу жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/988143?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау