📌 2025 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауданның тыл ардагерлері соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Бүгінгі таңда ауданда 86 тыл ардагері тұрады. Оларға құрмет көрсету және әлеуметтік қолдау шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Биылғы жылдан бастап 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында тыл ардагерлеріне берілетін біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері ұлғайды. Атап айтқанда, көмек көлемі 39 айлық есептік көрсеткішті құрап, 153 348 теңгені құрайды.
Аталған әлеуметтік көмекті көрсету үшін аудан бюджетінен жалпы сомасы 13 миллион 188 мың теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/990276?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау