Сессия отырысына аудан әкімі Р.Н. Кемешев, мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның бөлім басшылары, медицина, бұқаралық ақпарат құралдары, ветеринария және жергілікті қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.
Сессия барысында 2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Абжанова баяндама жасады.
Сондай-ақ, Марқакөл, Боран, Қалжыр, Төсқайың және Ақбұлақ ауылдық округтерінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Аталған округтің әкімдері баяндамалар жасады.
Қосымша, 2025 жылы Марқакөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салалары мамандарына, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мәселесі қаралды. Аудандық жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, төлем мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссиялардың жеке құрамдарын бекіту мәселелері қаралды.
Барлық мәселелер тұрақты комиссия отырысында алдын ала талқыланып, сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн тәртібімен (LIVE) көрсетілді. Онлайн бейне жазбасына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=2krsO6XDvWc&t=2748s .
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-markakol/press/news/details/990790?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау