7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Өрнек ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл қос мереке – еліміз үшін ерекше мәнге ие. 7 мамыр – бейбіт елдің айбынды қорғаны, әскери қызметшілер мен ардагерлерге көрсетілетін зор құрметтің күні. Ал 9 мамыр – сан мыңдаған азаматтардың жанқияр ерлігі мен қайсарлығын еске түсіретін, Ұлы Жеңіске деген алғыс пен тағзым күні.

Біз, бүгінгі ұрпақ, Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі үшін күрескен батырларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Батыр бабалар жолын жалғап, ел іргесін берік ұстау – бәріміздің ортақ борышымыз.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбастарыңызға бейбіт өмір мен бақ-береке тілейміз! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-ornek/press/news/details/991521?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version