Абай ілімі және әділетті қоғам

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, Агенттікте «Абай кісілік кодексі және әділетті қоғам» деген тақырыпта дәріс өткізілді. Спикер –  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ләйлә Жұматайқызы Мұсалы.

Сөз сөйлеу барысында спикер ең алдымен Абайдың адамгершілік қағидаттарына негізделген Кісілік кодексі, Абайдың «Толық адам» концепциясы туралы кеңінен тоқталды.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Абай туралы өзекті ойларынан дәйексөздер келтірді. Дәріс барысында «Толық адам» концепциясы жөнінде белгілі абайтанушы ғалымдар М. Мырзахметұлы мен Ж. Дәдебайұлының бейне дәрістерінен үзінділер келтірді. Абай мұрасының қазіргі замандағы өзектілігін, заманауи маңызын нақты мысалдармен дәйектеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/990511?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version