Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі үлестік құрылыс мәселелері жөніндегі комиссия отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Кужиев үлестік құрылыс мәселелері жөніндегі комиссия отырысына қатысты.

Отырыс барысында үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтарын қорғау, азаматтардың тұрғын үйді уақытылы алу құқығын іске асыру, сондай-ақ құрылыс салушылар мен уәкілетті органдар тарапынан азаматтардың заңды мүдделерінің сақталуы мәселелері қаралды. Өкіл мемлекеттік органдар тарапынан процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу және алдын алу шараларының маңыздылығына назар аударды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі азаматтардың, соның ішінде үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/990999?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version