Ақмола облысында Қоғамдық кеңес энергетика және ТКШ саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қарастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде өңірдің «Энергетика және ТКШ саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы» мәселесін қарау жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелерін ұсынды.

Осылайша, талдаумен бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, процестерді цифрландыру мен автоматтандырудың жеткіліксіздігі, «Е-дендра» жасыл желектер мониторингінің ақпараттық жүйесін формальды енгізу тәуекелдері, сондай-ақ сумен, газбен және электрмен жабдықтау объектілерін салу және пайдалану кезіндегі тәуекелдер анықталды.

Өз кезегінде облыстың ТКШ және энергетика басқармасы басшысының орынбасары Берік Шайсұлтанов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сондай-ақ энергетикалық кешеннің проблемалық объектілерін аяқтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Отырыс нәтижелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/990704?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version