Ақсу ауданы Қызылағаш ауылдық кітапханасында Отан қорғаушылар күніне арналған ерлік сағаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 6 мамыр күні Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылдық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау – ерге серт» атты ерлік сағаты ұйымдастырылды.

Шара барысында Жансүгіров атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары «Майданнан келген хат» атты әсерлі көрініс қойып, көрерменге соғыс жылдарындағы сарбаздардың жүрекжарды хаттары арқылы елге деген сағынышын, ерлік пен батырлықты жеткізе білді.

Сондай-ақ, кітапханашылар 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Ерліктің өшпес даңқы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, оқырмандарды тарихи әдебиеттермен таныстырды.

Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен жергілікті мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Шара соңында қатысушылар назарына шағын интеллектуалды ойын мен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мұндай тағылымды іс-шаралар жастардың отансүйгіштік рухын арттырып, батырлар ерлігін мәңгі есте сақтауға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu/press/news/details/990115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version