Мектептің ашылуы ақжарлықтар үшін маңызды оқиға болды. №79 жаңа орта мектеп «Жайлы мектеп» республикалық жобасы аясында салынды. 4-тоқсанда жайлы мектептің партасына 325 оқушы отырады.
Мектеп директорының міндетін атқарушы М.Досжанованың айтуынша, педагогикалық ұжым жартылай жасақталған: негізгі штатқа 16 педагог қабылданды, тағы 11 мұғалім конкурс нәтижесі бойынша жұмысқа алынбақ.
Мектеп заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген: материалдық-техникалық базада ІТ-құзыреттерді дамыту аймақтары, зертханалар, робототехника кабинеті, кітапхана, заманауи шеберханалар, спорт және акт залы, STEM-зертхана бар.
Аймақ басшысының айтуынша, жыл соңына дейін өңірімізде тағы 13 мектеп ашу жоспарланған.
Оқушылардың ата-аналары алғыс сөздерін де жеткізді.
«Бұл – бізге нағыз мереке. Ақжарда тағы бір мектеп ашылды. Менің немерелерім мен жиендерім осында оқиды. Мектеп өте керемет, өте әдемі. Мұнда домбыра сыныбы, қыздар мен ұлдарға арналған шеберханалар бар. Қазір балаларға ең жақсысы ғана ұсынылады, ата-ана ретінде балаларымыздың жайлы және заманауи жағдайда оқитынына сенімді бола аламыз. Мұны жүзеге асырған барша азаматтарға үлкен рахмет!»- деді Айнагүл Сәбитеева.
«Мектеп өте жақсы. Сапалы білім алу үшін қажет нәрсенің бәрі бар робототехника кабинеті, зертханалар, акт залы, спорт залы. Мен немерелерімнің осындай жақсы жағдайда оқып, барлық бағытта дамитынына өте қуаныштымын. Осы мектепті ашуға көмектескен жандарға ризашылығымды білдіремін», деді Мырзабай Бабашев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/990144?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау