7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Атырау облысы полиция департаментінің жаңа музейінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауда аянбай еңбек еткен тәртіп сақшыларының еңбек жолдары мен Департаменттің тыныс-тіршілігінің тарихы жинақталып, экспонаттармен толықтырылған жаңа музейдің алғашқы қонақтары Ішкі істер органдарының ардегерлері мен полициядағы жас қызметкерлердің ата-аналары болды.
Мұнда қызмет барысында алынған фотосуреттер, арнайы құралдар, қызметкерлердің жұмысын бейнелейтін экспонаттар, сонымен қатар сала ардагерлерінің құнды естеліктерін музей меңгерушісі отставкадағы полиция полковнигі Гүлназира Мұхтарова таныстырды. Музей ішіндегі экспозициялар полиция қызметінің тарихын, оның қиын әрі қауіпті қызметін, сондай-ақ ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы ерліктерін кеңінен ашады.
Қос тарихтан сыр шертетін жаңа музей Атырау өңіріндегі ішкі істер органдарының тарихын ғана емес өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеруге де ықпал етеді деп сенеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/991355?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау