Аудан әкімінің жұмыс сапары: ауылдық округтердің инфрақұрылымдық мәселелері бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Аққайың және Қызылсуат ауылдарына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында аудан әкімі елді мекендердің инфрақұрылымдық жағдайымен танысты. Электрмен және сумен жабдықтау, көше жарығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, абаттандыруды қажет ететін аумақтар мен су бұру жүйесін ұйымдастыру, жолдардың проблемалық учаскелері қаралды.

Аралау қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/988696?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version