АЗАТТЫҚ ПЕН БЕЙБІТ ӨМІРДІ ҚОРҒАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – еліміздің тыныштығы мен тұтастығын қорғаған, ел алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарып жүрген ер-азаматтарымыздың ерлігі мен батылдығына құрмет көрсететін айрықша күн.
Ата-бабаларымыздан мирас болған азаттық пен бейбіт өмірді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Қарулы күштер қатарында қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлерімізге, ардагерлерге, сондай-ақ туған елінің қорғаны болуға әрқашан дайын азаматтарға алғысымыз шексіз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбіт өмір тілеймін.
Отанымыздың әрбір азаматы ел бірлігі мен қауіпсіздігін нығайту жолында аянбай еңбек ететініне сенімім мол.
Мереке құтты болсын!
 
Ізгі ниетпен,
Мақтаарал ауданының әкімі
Асанов Бақыт Насырханұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/990960?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version