Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және “Жәрдем-Атырау” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасында қызметкерлерге арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – басқарма қызметкерлерінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресте сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардан қорғанудың жолдарын түсіндіру.
Іс-шараға Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Олжас Сдыхов және “Шапағат” ҚҚ-ның теологы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жасұлан Бағытжанов қатысты.
Олжас Сдыхов шара барысында экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан құқықтық шаралар туралы сөз қозғап, қызметкерлерге нақты құқықтық жауапкершіліктерін түсіндірді. Ал Жасұлан Бағытжанов деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардан қорғану жолдары туралы айтты.
Атырау облысының ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990270?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау