Орал қаласындағы «Оқушылар сарайында» облыстық «Жастар қалқаны – 2025» пікірсайыс турнирі өтті. Аталған іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.
Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, «Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?» деген тақырып аясында пікір алмасты.
Пікірсайыс нәтижесі бойынша:
- Бас жүлдені «Ақиқат» фракциясы жеңіп алды;
- «Үздік мақала» номинациясы бойынша – Дүйсенғалиев Айдос;
- «Үздік видеоролик» номинациясы бойынша – Батыс Қазақстан инновациялық –технологиялық университеті марапатталды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Аталған турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға,ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға және радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.
Өткізілген шара бойынша республикалық және облыстық БАҚ-қа жарияланды (Todayinfo.kz, ertenmedia.kz, dalanews.kz, zhaikpress.kz, baribar.kz, @tdk45tv).
Материал БҚО бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990336?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау