Аудандық мәслихат төрағасы Руслан Рахметоллаұлы Мұкашев, Баянауыл ауданы полиция бөлімінің басшысының орынбасары, полиция полковнигі Медет Қалтайұлы Қожахметов және ауыл әкімдері — Жанат Дуанұлы Мәжитов, Арман Эльқуатұлы Мұсатаев, Мұхтар Абдықапарұлы Молшин — Жеңіс күні қарсаңында ауданымыздың тыл еңбеккерлерін құттықтауға арналған іс-шараны жалғастырды.
Торайғыр, Бірлік және Қызылтау ауылдарының тұрғындары — Әділшин Егiнтай, Жакушева Магзи, Иманбаев Самар, Опабеков Турагасын Нагманович — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.
Іс-шара барысында тыл ардагерлеріне зор денсаулық пен отбасыларына амандық тілектер жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-bayanaul/press/news/details/991498?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау