Бейнеуде майдангерлердің ұрпақтары жауынгер аталарын еске алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнеуде соғысқа қатысқан майдангерлердің ұрпақтары ата-бабаларын еске алып, олардың батырлық пен ерлікке толы өнегелі өмір жолына құрмет көрсетті.

Іс-шара барысында Бейнеу ауданының әкімі Рақымжан Шалбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ардақ Бораш, ардагерлер кеңесінің төрағасы Шайхы Азанов сөз сөйлеп, майдангерлерге деген халықтың құрметі мен алғысын жеткізді. Олар өткен тарихтың өсиетін өнеге тұтудың жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі маңызын ерекше атап өтті.

Майдангерлердің ұрпақтары «Мәңгілік алау» жанына жиналып, ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Іс-шара тағылымды кездесуге жалғасты. Ардагерлердің ұрпақтары өз ата-бабаларының жауынгерлік жолы мен тылдағы ерліктері туралы айтып, олардың ел үшін жасаған қызметін жастарға үлгі етті.

-Бабалар рухына тағзым ету– ұрпақтар сабақтастығының, ата-баба аманатына деген құрметтің айқын көрінісі болды, – дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/991099?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version