Бірлігі жарасқан Қазақстан атты мерекелік іс- шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті.

Этнос өкілдері ұлттық киімдерін киіп, достық дастарханын жайып, ұлттық тағамдарынан дәм ұсынды. Сонымен бірге спорт түрлерінен сынға түсті.
  Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аталған шараға қатысып, көпшілікті мәні мен мағынасы зор мерекемен құттықтады.
  Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына жамбылдықтардың белсенді атсалысып жатқанын, этномәдени бірлестіктердің ел басына күн туған шақтарда жұдырықтай жұмылып, сауапты істерден қалыс қалмайтынын ерекше атап өтті.
   Салтанатты шарада өңірдің этносаралық келісімін нығайтуға елеулі үлес қосқан жамбылдықтар марапатқа ие болды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бірқатар азаматқа «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» медалін, сондай-ақ «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.
 Этномәдени бірлестіктер мен К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұлттар достығы ұлықталған мерекелік шара соңы «Достық» биімен түйінделді.
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/988581?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version