Ақтөбе облысында елді мекендерге газ жүргізу мәселесі белсенді түрде шешілуде. Бұл халықтың өмір сүру сапасын арттырудың және жалпы өңірді дамытудың негізгі аспектілерінің бірі болып табылады.
Осы жылы газдандыруға байланысты 14 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша 9,8 мың халқы бар 23 ауылға көгілдір отын жүргізуге мүмкін болады. Ауқымды бастамаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен 9,1 млрд теңге қарастырылған. Бұдан өзге, Мұғалжар ауданының Қожасай ауылын газдандыру жұмыстары аяқталады деп күтіліп отыр. Жоба «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасының аясында қаржыландырылған. Сондай-ақ, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жалпы құны 4,7 млрд теңгені құрайтын сегіз жаңа жобаға бюджеттік өтінім берілген. Осы бастамаларды жүзеге асырудың нәтижесінде облыста газбен қамтылған халқының жалпы саны 901,5 мың адамға жетеді, бұл тұрғындардың жалпы санының 97,1 пайызын құрайды.
Айта кету керек, облысты газдандырудың маңызды кезеңі Ақтөбе қаласындағы магистральды газ құбырының үшінші желісінің құрылысының аяқталуы болды. Аталмыш жоба газ желісінің өткізу қабілетін сағатына 526,5 мың текше метрге дейін ұлғайтты, ал бұл өз кезегінде өндірістік және әлеуметтік нысандарды сенімді қамтамасыз етуге қосымша мүмкіндіктер туғызады.
Ауылдық елді мекендерге газ кіргізу Ақтөбе облысын дамытудың басым бағыты болып қала береді. Барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуы облыс басшылығының тұрақты бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/991075?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау