Бюджет мәселелері және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның бірлескен отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 5 мамырда аудандық мәслихатта бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның және Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Отырыс мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасованың төрағалығымен өтті.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңесінің мүшелері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің кейбір басшылары қатысты.
Отырыс барысында кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің 2024 жылғы бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептері тыңдалды.
Отырыстың негізгі мақсаты өткен жылы жергілікті бюджеттердің орындалу қорытындыларын шығару болды. Әкімдер бюджет қаражатын пайдалану, іске асырылған жобалардың сапасы және халықтың бюджетті қалыптастыруға қатысуы бойынша есептерін ұсынды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша әкімдерге нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
 
 
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/990758?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version