Целиноград ауданының прокуратурасы есепте тұрған тұлғалар үшін әлеуметтік бейімделу шаралары аясында «АЛЖИР» музейіне экскурсия ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград аудан прокуратурасы Пробация қызметімен бірге есепте тұрған азаматтарды әлеуметтендіру шаралары аясында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалды музей кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушылар Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін жылдарында мыңдаған әйелдердің жазықсыз жапа шеккені туралы баяндайтын экспозициямен танысты. Экскурсия қатысушылардың зор қызығушылығын тудырып, терең әсер қалдырды. Көпшілігі Қазақстан тарихындағы жаңа деректерді білгенін және тарихи жадыны сақтаудың маңызын терең түсінгенін айтты.

Мұражайға бару тек танымдық шара ғана емес, есепте тұрған азаматтардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал ететін маңызды кезең болды.

Алдағы уақытта жұмыстар жалғасын табады.

#ЗАҢ_және_ТӘРТІП

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/990957?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version